Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп «Уәде» бағдарламасына берген сұхбатында елдегі ең мықты боксшылар қай өңірден шығып жатқанын айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
- Қазақстанда қай өңір бокстан ең мықты саналады? Сіздер сараптама жасайсыздар ма? Рейтинг секілді дүние бар ма?
-Егер соңғы әлем чемпионатын алсақ, Астанадан екі әлем чемпионы шықты - Оралбай мен Санжар Тәшкенбай. Шымкенттен - Сабырхандардың екі ағайындысы. Қарағандыдан - бір чемпион қыз, Алматыдан - Алуа Балқыбекова, Солтүстік Қазақстаннан - Богданова.
Он жүлдегердің бесеуі Алматыдан: бір «алтын», бір «күміс» және бір «қола». Олар - Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова, Елдана Тәліпова және Виктория Графеева. Әр өңірде мықты былғары қолғап шеберлері бар, алайда қазір чемпиондардың көбі Шымкенттен шығып жатыр.
Айта кетейік, тарихта тұңғыш рет өткен World Boxing аясындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Қоржынында - жеті алтын, бір күміс және екі қола медаль бар – деп жауап берді Шахмұрат Мүтәліп.