homepage
REUTERS/АҚШ Орталық қолбасшылығының суреті

Ресей: АҚШ-тың Украинаға Tomahawk зымырандарын беруі - соғысқа араласуы

30.09.2025, 12:10

Ресей АҚШ-тың Украинаға ұзақ қашықтыққа ұшатын Tomahawk зымырандарын беру ықтималдығына қатысты алаңдаушылық білдірді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «егер Украина мұндай қару алса, онда нысандарды кім белгілейді — АҚШ па, әлде украин жағы ма?» деген сұрақ қойды. Оның айтуынша, егер зымырандарды бағыттау деректерін АҚШ ұсынатын болса, бұл Вашингтонның соғысқа тікелей араласуы деп бағалануы мүмкін.

Ресейлік тарап сондай-ақ Tomahawk зымырандарының соғыстың барысын түбегейлі өзгерте алмайтынын алға тартты. Зымырандардың қашықтығы үлкен болғанымен, майдандағы жалпы жағдайға айтарлықтай ықпал етпейді деген пікір білдірді.

АҚШ әкімшілігі Украинаға Tomahawk-тарды беру мүмкіндігін қарастырып жатқаны айтылғанымен, түпкілікті шешім әзірге жарияланған жоқ.