YouTube АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың аккаунты тоқтатылуына байланысты сот ісін 24,5 миллион доллар төлеп реттейтін болды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Компания 2021 жылғы Капитолий оқиғасынан кейін Трамптың арнасын бұғаттағаны үшін сотқа тартылған. Келісімге сәйкес, қаражаттың басым бөлігі Trust for the National Mall қорына аударылады, қалған бөлігі American Conservative Union және автор Наоми Вулф бастаған талапкерлерге бөлінеді.
YouTube ешқандай заң бұзушылық мойындамағанын және саясаты өзгермейтінін мәлімдеді.
Айта кетейік, Трамптың аккаунты 2023 жылы қалпына келтірілген. Бұл іс оның Meta және X компанияларымен арадағы дауларының жалғасы болып отыр.