Ақмола облысының Аршалы ауданында атыс қарулары мен түрлі калибрлі оқ-дәрілер жасырын орыннан табылып, тәркіленді деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Прокуратураның мәліметінше, қамаудағы адаммен жасырын әңгіме кезінде қару қоймасы туралы ақпарат алынған.
Тексеру барысында Астана–Қарағанды автожолы бойындағы Шоптықөл ауылы маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды. Алдын ала деректерге қарағанда, олар елге шетелден әкелінген болуы мүмкін.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу басталды. Істі Ақмола облысы прокуратурасы бақылауына алды.