homepage
Фото: ҰҚК

ҰҚК ірі көлемде қару-жарақ тәркіледі

29.09.2025, 14:30

Қыркүйек айында ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен бірнеше өңірде қару-жарақты іздестіру және заңсыз айналымнан алу бойынша жедел іс-шаралар жүргізді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Алматы, Шымкент қалалары мен 10 облыста өткен рейдтер барысында 62 бірлік қару-жарақ тәркіленді. Оның ішінде 3 Калашников автоматы, 16 тапанша, 43 мылтық, 4 граната және 4 мыңнан астам оқ-дәрі бар.

Сонымен қатар 2022 жылғы қаңтар оқиғасында ұрланған 10 қару анықталды. Қазіргі таңда көрсетілген деректер бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.