homepage
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазақстанда 15 мыңнан астам шетелдік еңбек етіп жүр

29.09.2025, 11:15

2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ел аумағында 15 054 шетел азаматы жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Олардың арасында 561-і – басшылар мен орынбасарлары, 2 348-і – құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері. Негізгі бөлігі мамандар (3 980 адам) мен білікті жұмысшыларға (1 052 адам) тиесілі. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 3 099 шетелдік тартылса, корпоративтік ауыстыру аясында 4 015 адам еңбек етуде.

Шетелдік жұмысшылардың көбі құрылыс (4 929), ауыл шаруашылығы (3 140), тау-кен өнеркәсібі (1 240) және өңдеу өнеркәсібінде (1 122) шоғырланған. Олар негізінен Қытай (5 545), Өзбекстан (2 696), Түркия (1 076) және Үндістаннан (1 052) келген.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек нарығын қорғау үшін жыл сайын шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейді. Биылғы квота бастапқыда 14,8 мың болса, кейін 16,5 мыңға ұлғайтылды, ал тамыздан бастап маусымдық жұмысшылар есебінен 19,4 мың бірлікке жеткізілді.