Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Жаңа министр елді цифрлық мемлекетке айналдыру жөніндегі Президент Жолдауында айтылған міндеттерді орындаумен айналысады. Мемлекет басшысы оған стратегиялық маңызы зор бағыттарды жүзеге асыру бойынша тапсырмалар берді.
Бұл қызметке дейін Жаслан Мәдиев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып қызмет атқарды