homepage
Фото: Azattyq-ruhy.kz

Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды

29.09.2025, 09:45

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұған дейін оның кандидатурасын Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті қолдаған еді.

Сүлейменова жаңа қызметке дейін Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы болды.