homepage
Музыкант Роджер Уотерс пен Колумбия президенті Густаво Петр 2025 жылдың 26 қыркүйегінде Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтері жанында палестинаны қолдаушыларға үн қатты. REUTERS/Bing Guan

Колумбия президенті АҚШ-ты халықаралық заңды бұзды деп айыптады

28.09.2025, 18:10

Колумбия президенті Густаво Петр АҚШ-тың оның визасын жою шешімін «маңызсыз әрекет» деп атап, Вашингтонды халықаралық құқық нормаларын бұзды деп айыптады деп хабарлайды juzmedia.kz.

АҚШ Мемлекеттік департаменті бұл қадамды Петрдің Нью-Йоркте өткен палестиналық наразылық акциясына қатысуымен және АҚШ әскери қызметкерлерін Дональд Трамптың бұйрықтарына бағынбауға шақырған сөзімен түсіндірген. Дегенмен Колумбия президенті мұндай шешім оны қысымға ала алмайтынын айтып, өзін «дүние жүзінде еркін адаммын» деп сипаттады. Оның сөзінше, еуропалық азаматтығы болғандықтан виза оған аса қажет емес.

Петр визасының жойылуын геноцидке қатысты айыптауларын тоқтату үшін жасалған әрекет деп бағалады. Колумбия сыртқы істер министрлігі де бұл шешімді саяси қысым ретінде қабылдап, оны БҰҰ қағидаларына қайшы деп мәлімдеді.

Мамандардың пікірінше, бұл оқиға екі ел арасындағы дипломатиялық шиеленісті одан әрі күшейтпек. Бұған дейін де Вашингтон мен Богота арасында көші-қон, қауіпсіздік және саяси ұстанымдарға байланысты келіспеушіліктер жиі тіркелген.