homepage
Фото: REUTERS/Eduardo Munoz

Санкциялардан кейін Иранда 1 доллар құны 1 млн риалдан асты

28.09.2025, 17:15

Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен Иранға қарсы қару-жарақ пен ядролық бағдарламаға байланысты санкциялар қайта енгізілген соң, елдің ұлттық валютасы күрт құнсызданып, 1 АҚШ доллары шамамен 1 миллион 123 мың риалға дейін өсті деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Экономистер мұны халықаралық қысымның тікелей салдары деп бағалап отыр. Тыйымдар қару-жарақ экспортына шектеу, уран байыту мен баллистикалық зымырандарға қатысты іс-қимылдарды тоқтату, активтерді бұғаттау және белгілі тұлғаларға саяхатқа шектеу енгізді.

Иран билігі бұл шешімді заңсыз деп санап, Ұлыбритания, Франция және Германиядағы елшілерін кері шақырды. Ел президенті Масуд Пезешкиян халықты сабырға шақырып, Иран мұндай қысымды еңсере алады деп мәлімдеді.

Ұлттық валютаның рекордтық құлдырауы ел ішіндегі инфляцияны күшейтіп, азық-түлік пен тауар бағасының одан әрі өсуіне әкелуі ықтимал. Сондай-ақ санкциялар аймақтағы шиеленісті одан әрі күшейтіп, Иранның халықаралық ядролық бақылаушылармен ынтымақтастығына кері әсер етуі мүмкін деген алаңдаушылық бар.