Reuters агенттігінің визуалды дәлелдерге сүйеніп, 25 тамызда Газадағы Нассер ауруханасына жасалған шабуылға қатысты Израильдің ресми мәлімдемесін жоққа шығарды деп жазады Juzmedia.kz.
Шабуылда кемінде 22 адам қаза тапқан, олардың арасында 5 журналист бар. Израиль әскері бастапқыда аурухана маңында ХАМАС-қа тиесілі камера болғанын айтқанымен, Reuters ол камераның өз тілшісі Хуссам әл-Масриге тиесілі екенін дәлелдеді. Камераның үстінде жатқан дұғалық кілемше де Израиль тарапының «салфетка» деген түсіндірмесін теріске шығарады.
Тергеу барысында алғашқы соққыдан кейін небәрі 9 минут өткенде сол баспалдақ қайта атқыланғаны анықталды.
Сарапшылар табылған металл қалдықтарының 120 мм танк оғына тиесілі екенін растап отыр, бұл оқ журналистік құралды нысанаға алу туралы Израильдің түсіндірмесіне сай келмейді. Әскери ресми тұлғалар да шабуылдың тиісті рұқсатсыз жасалғанын мойындады.