Алдағы жылдары Қазақстанның 11 өңірі мен қаласында әлемдік қонақ үй брендтеріне тиесілі 24 жаңа нысан бой көтереді. Жобалар толықтай жеке инвестициялар есебінен жүзеге аспақ, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басқарма төрағасының м.а. Даниел Сержанұлының айтуынша, халықаралық қонақ үй желілерінің келуі өңірлердің туристік тартымдылығын күшейтіп, сервис сапасын арттырады. Туристер санының және іскерлік белсенділіктің өсуі сапалы орналастыру орындарына деген сұранысты арттырған.
Жаңа қонақ үйлердің ашылуы бәсекелестікті күшейтіп қана қоймай, экономикалық мультипликативтік әсер береді. Яғни туристер легінің көбеюімен қатар, жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті бизнес өрісін кеңейтуге мүмкіндік туады.