homepage

Қазақстаннан тоғыз айда 10 мыңнан аса адам көшіп кеткен

12.11.2024, 12:06

Бюро мәліметінше, 1 қазандағы жағдай бойынша халық саны 20 223 218 адамды қамтыған. Оның ішінде қала тұрғындары – 12 704 977, ауыл тұрғындары – 7 518 241 адам. Соңғы 9 айда халықтың жалпы өсімі 189 376 адамды қамтыды.

2024 жылдың 9 айында Қазақстанда 278,7 мың бала дүниеге келсе, қайтыс болғандар саны – 99,5 мың адам. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 179,2 мың адамды қамтыды.

Туудың ең жоғары деңгейі Түркістан облысында (1 мың тұрғынға – 25,04 адам), Маңғыстау облысында (24,84) және Шымкент қаласында (23,68) байқалды.

Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан облысында (1 мың тұрғынға – 11,52), Шығыс Қазақстан облысында (11,32) және Қостанай облысында (10,12) байқалды. Бұл осы облыстар халқының жас құрылымына байланысты.

Сонымен қатар, алғашқы жарты жылдың ішінде 95 мың неке қиылып, 29,3 мың ажырасу тіркелген.

2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте елге келгендер саны 20 383 адамды, елден кеткендер саны 10 201 адамды қамтыды. Көші-қон айырымы – 10 182 адам.

2023 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, Қазақстанға келгендер саны 6,5% өсті, ал кеткендер саны 19,9% азайды.

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүреді. ТМД елдерінен келгендердің үлесі – 79,7%, ал бұл елдерге кеткендердің үлесі – 76,9%.

Ел ішіндегі көші-қон 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 47,4% өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде: Астана (52 853 адам), Алматы (26 157 адам), Шымкент (5 948 адам) қалаларында және Алматы обласында (765 адам) халық көші-қонының оң айырымы қалыптасты.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.