homepage
Фото: probalakovo.ru

Алматыда ер адам екі жыл бойы өгей қызын зорлаған

17.09.2024, 10:12

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өгей қызын екі жыл бойы зорлаған ер адамға үкім шықты, деп хабарлайды Juzmedia.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚЫЛМЫСКЕРГЕ ҚАНДАЙ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қылмыскер 25 жылға бас бостандығынан айырылды және Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша кінәлі деп танылды. Сонымен қатар, сот 50 млн теңге көлемінде моральдық зиян өндіріп алды.

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫ АЗАЙМАЙ ТҰР

Бұған дейін Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өсіп бара жатқанын жазған болатынбыз. Осы жылдың сегіз айында 74 адам өлген. Жалпы отбасылық-тұрмыстық салада 1600 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.