Қазақстанда қабылданған жаңа Салық кодексіне сәйкес, кәсіпкерлердің банк шотын автоматты түрде бұғаттау тәртібі алынып тасталды. Енді бизнеске кемшіліктерді қызметін тоқтатпай-ақ түзетуге мүмкіндік беретін алдын ала камералдық тексеру қолданылады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қаржы министрі Мәди Такиевтің айтуынша, бұл өзгеріс кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетіп, мемлекет пен бизнес арасындағы қарым-қатынасты ашық етуге бағытталған. Бұдан былай бақылаудан гөрі кеңес беру мен қолдау басты назарда болады. Сондай-ақ салық есептілігінің көлемі қысқарып, әкімшілендіру толығымен цифрландырылмақ.
Жаңа кодекс азаматтарға да жеңілдік әкеледі: зейнетақы төлемдері ЖТС-тен босатылады, 10 жылдан асқан көліктерге салынатын салық азаяды, мүгедектігі бар адамдарға қосымша жеңілдіктер беріледі. Ал бизнесте арнайы салық режимдері ықшамдалып, тек үш түрі ғана қалады.