homepage
Фото: primeminister.kz

Мұрат Нұртілеу қызметінен кетті

26.09.2025, 10:22

Тоқаев Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу сыртқы істер министрі қызметінен босатылды. Оның орнына жаңа министр болып Ермек Көшербаев тағайындалды деп хабарлайды juzmedia.kz.

Ал Мұрат Нұртілеу ҚР Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.

Айта кетейік, бірер апта бұрын Orda.kz сайты экс-министр Мұрат Нұртілеу, белгілі кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғаны жайлы ақпарат таратқан. Артынан ҰҚК және министрлік те бұл ақпаратты жоққа шығарды.