homepage
Фото: ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қазақстандағы ең арзан ет Түркістанда

26.09.2025, 11:15

Түркістан облысының базарларында сиыр еті 2600-2900 теңге аралығында сатылып жатыр. Бұл басқа өңірлерге қарағанда айтарлықтай арзан, деп хабарлайды Juzmedia.kz 24KZ-ке сілтеме жасап.

Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының мамандары мұны ет өндірушілермен тікелей келісімге келумен байланыстырады.

Шаруаларға 0,01 пайызбен жеңілдетілген несие беріліп, қаржылай қолдау көрсетіледі. Ал ет өндірушілер өнімді базарға 2300-2400 теңгеден өткізеді.

Сатушылар үстемақысын қосқаннан кейін де баға нарықтағыдан төмен болып отыр. Бағаны арнайы құрылған жұмыс тобы тұрақты түрде бақылап отырады.

Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы да қатаң қадағаланады. Соңғы бір ай ішінде бағаны себепсіз көтерген 59 сауда орнына әкімшілік шара қолданылып, айыппұл салынған.