Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бірқатар көмекшілері мен кеңесшілерін қызметінен босатты деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Дүйсенова Президенттің көмекшісі қызметінен, ал Қанат Шарлапаев экономикалық мәселелер жөніндегі көмекші лауазымынан босатылды.
Президенттің өкіміне сәйкес Ернар Баспаев кеңесші қызметінен кетті.
Сонымен бірге Бақытжан Сапиев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы лауазымынан босатылды.
Әлихан Жамсатов Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметіне бекітілсе, Күнсұлу Закария ғылым және инновациялар жөніндегі кеңесші қызметінен босатылды.