homepage
REUTERS/Dado Ruvic/көрнекі сурет

Түркия Ресейдің әуе кеңістігін бұзуына жауап ретінде Литваға әскери ұшақ жіберді

25.09.2025, 17:40

Түркия НАТО аясында қабылданған қауіпсіздік шаралары шеңберінде AWACS әскери бақылау ұшағын Литваға жолдады деп хабарлайды Juzmedia.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

Бұл шешім соңғы күндері Ресейдің дрондар мен жауынгерлік ұшақтар арқылы НАТО елдерінің әуе кеңістігін жиі бұзуына байланысты қабылданған. Миссия 22–25 қыркүйек аралығында Литва әуе аймағында жүзеге асырылады.

Осы кезеңде Литва, Эстония, Дания және Польша да рұқсатсыз ұшқан дрондар мен әуе техникасына қатысты шағымдарын білдірді. Польша кейбір дрондарды атып түсіргенін хабарласа, Литва парламенті әуе кеңістігін бұзған ұшақтарды жоюға рұқсат беретін заң қабылдады.

НАТО мен Батыс елдері Ресейдің бұл әрекеттерін альянстың дайындық деңгейін сынау амалы деп бағалап отыр.