Иран президенті Масуд Пезешкиан БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде Тегеран ядролық қару жасауға ешқашан талпынбайтынын мәлімдеді деп хабарлайды Juzmedia.kz Reuters-ке сілтеме жасап.
Бұл мәлімдеме халықаралық қауымдастықта Иранға салынған санкциялар мен ядролық бағдарламаға қатысты шиеленістерді бәсеңдетуге бағытталған қадам ретінде бағалануда.
Вашингтон да Иранмен қайта диалог орнатуға дайын екенін білдіріп отыр. АҚШ пен Батыс елдері келіссөздерге ашық екендіктерін аңғартты.
Дегенмен бірқатар мемлекеттер Иранның ядролық зерттеулерін жасырын әскери мақсатқа пайдалануы мүмкін деп күдіктенеді.
Сарапшылардың айтуынша, ядролық қарудан бас тарту туралы мәлімдеме Тегеранның сенім қалыптастыруға бағытталған дипломатиялық тактикасы болуы ықтимал.