homepage
REUTERS/Stephanie Lecocq/Николя Саркози

Франция соты Саркозиге бес жыл түрме жазасын кесті

25.09.2025, 16:45

Франция соты экс-президент Николя Саркозиді Ливиядан заңсыз қаржы алуға байланысты «қылмыстық сөз байласу» айыбымен кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады деп хабарлайды Juzmedia.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

Сот Саркозиді негізгі айып бойынша жауапты деп тапқанымен, заңсыз сайлау қаржыландыру, мемлекеттік қаражатты жасыру және пассивті коррупция сияқты басқа айыптардан ақтады.

Айыптаушылардың айтуынша, 2007 жылғы президенттік сайлау кезінде Ливияның бұрынғы басшысы Муаммар Қаддафиден миллиондаған еуро бөлінген. Ал Саркозидің қорғаушылары бұл істі саяси астары бар процесс деп бағалады.

Саркози сот шешіміне аппеляция бере алады. Егер жоғары сот шағымды қабылдаса, үкімнің орындалуы уақытша тоқтатылуы мүмкін. Сонымен бірге бұл іс бойынша оның бірнеше серіктестеріне де жаза қолданылуы ықтимал.

Бұған дейін де экс-президентке қатысты өзге де коррупциялық істер бойынша айыптау үкімдері шыққан еді.