homepage
Фото: REUTERS/Al Drago

Ердоған Түркияға F-35 ұшақтарын алу үшін Трамппен келіссөз жүргізуде

25.09.2025, 16:13

АҚШ-та өтіп жатқан кездесуде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Дональд Трамппен келіссөз жүргізіп, Анкараға салынған санкцияларды алып тастау арқылы F-35 жойғыш ұшақтарын сатып алу мүмкіндігін қайта қарастыруға тырысып жатыр деп хабарлайды Juzmedia.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

Түркия 2020 жылы Ресейдің S-400 әуе қорғаныс жүйесін сатып алған соң, F-35 бағдарламасынан шығарылып, АҚШ санкцияларына тап болған еді. Ердоған бұл шешімді саяси әділетсіздік деп санайды және жаңа әкімшілікпен арада келісімге келуді көздеп отыр.

Келіссөздерде әскери ынтымақтастықпен қатар сауда, Сирия мен Газадағы жағдай сияқты аймақтық түйткілдер де талқыланбақ. Сондай-ақ Түркия Boeing компаниясының жолаушы ұшақтарын сатып алу жоспарын алға тартып отыр.

Қазір Конгрессте Түркияға F-35 сатуға қатысты заңдық шектеулер бар. Дегенмен сарапшылар Ердоған мен Трамп арасындағы жеке қарым-қатынас бұл бағытта жаңа мүмкіндік ашуы мүмкін екенін айтады.

Екі елдің басты қайшылықтарына қару-жараққа қатысты саясат, санкциялар, Израиль мен Палестина дауы және Сирия мәселесі кіретіні атап өтілуде.