homepage
Фото: REUTERS/Stephane Mahe/көрнекі сурет

Францияда өтірік ауырып жұмыстан қалғандарды тексеру үшін жеке детективтер жалдануда

25.09.2025, 11:33

Францияда соңғы жылдары ауырып демалысқа шығатындардың саны күрт өсіп, мемлекетке жылына шамамен 10 миллиард еуро шығын әкеліп отыр деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ресми деректер бойынша, тек соңғы бірнеше жылда бұл көрсеткіш 60 пайызға артқан, соған байланысты компаниялар жұмысшыларды бақылау үшін жеке детективтерді жалдай бастады.

Жалданған детективтер қызметкерлерді жасырын қадағалап, олардың қоғамдық орындарға шығып жүргенін, басқа жұмыс істейтінін немесе кәсіп ашқанын анықтап отыр. Мұндай шаралар жалған ауру демалысын азайтуға бағытталғанымен, қоғамда заңдылық пен жеке өмірге қол сұғу төңірегінде қызу пікірталас туғызды.

Кейбір саясаткерлер демалыс ұзақтығын қысқарту немесе бақылау шараларын күшейту жөнінде ұсыныстар көтеріп жатыр.