homepage
Фото: REUTERS/Tyrone Siu

Супертайфун Рагаса Гонконгты күйретті

24.09.2025, 10:20

Гонконгта супертайфун Рагаса соғып, қалада дауылды жел мен нөсер жаңбыр салдарынан көшелер су астында қалды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Билік «Сигнал 10» дабылын жариялап, қоғамдық көлікті тоқтатты. 49 уақытша баспана ашылды. Қытайдың Гуандун провинциясында миллиондаған адам эвакуацияланып, мектептер мен әуежайлар жабылды.

Тайваньда да Рагасаның әсерінен бөгет суы арнасынан асып, кемінде 14 адам қаза тапқаны хабарланды. Сарапшылар тайфун әлі де күшті күйінде қалаға жақын аумақтарда қауіп төндіріп тұрғанын ескертті.