Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті келер жылы 3025 білім беру ұйымы мемлекеттік аттестациядан өтетінін хабарлады деп жазады Juzmedia.kz.
Биылдың алғашқы жартысында аумақтық департаменттер 1170 ұйымды аттестациядан өткізген. Мұндай тексерулер білім беру процесіндегі проблемаларды анықтауға және мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін бағалауға бағытталған.
Комитет төрағасы Серік Әшіровтың айтуынша, өткен жылы 2487 ұйымға тексеру жүргізіліп, мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының уақтылы өтпеуі мен мектептердің материалдық-техникалық базасының жеткіліксіздігі сияқты мәселелер табылған.
Бақылау іс-шаралары білім сапасын арттыруға және педагогтердің құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді.