homepage
Фото: ТАСС

Трамптың кортежі Макронды көшеден өткізбей қойды

23.09.2025, 18:05

БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке барған Франция Президенті Эммануэль Макрон ерекше жағдайға тап болды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ассамблея ғимаратынан шыққан сәтте тәртіп сақшылары көшені жауып, Макронның көлігін өткізбей қойған. Президент жағдайды білген соң Дональд Трампқа қоңырау шалып, өзін көшеден өткізбей қойғанын әзілмен жеткізген.

Осыдан кейін жол ашылғанымен, тек жаяу жүргіншілерге рұқсат берілді. Сөйтіп, Франция басшысы діттеген жеріне жаяу баруға мәжбүр болды.