homepage
REUTERS/Ed White

Канададағы орман өрттері канолаға пайдасын тигізді

23.09.2025, 16:46

Канадада жаздағы жаппай орман өрттерінің түтіні канола дақылын ыстықтан қорғап, өнімділігін арттырды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Reuters жазуынша, түтін күн сәулесінің қарқындылығын төмендетіп, өсімдіктің гүл құрау кезеңінде күйіп кетуден сақтаған. Бұл әр түпте көбірек тұқым түзілуіне ықпал еткен.

Дегенмен ғалымдар ұзақ мерзімде түтіннің фотосинтезге теріс әсер етуі мүмкін екенін ескертті.

Канада билігі алдағы уақытта бидай, арпа сияқты негізгі дақылдарға ықпалын зерттемек.

Теги: