homepage
Фото: ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қазақстан-Ресей шекарасында дрондар тиелген көлік ұсталды

23.09.2025, 14:55

«Сагарчин» бекетінде Қазақстаннан Башқұртстанға өтпек болған «Газельден» ондаған дрон табылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, олардың арасында ұшақ үлгісіндегі және барлау мақсатындағы құрылғылар, сондай-ақ шағын квадрокоптер жинақтары бар. Кейбірі шағын жүк тасымалдауға бейімделген болып шықты.

Жүргізуші техниканы жеке бейнетүсірілім үшін алып бара жатқанын айтқанымен, бұл түсініктеме сенімсіз деп бағаланды. Барлық құрылғылар сараптамаға жіберілді.