homepage
Фото: Aqorda

Қазақстан мен АҚШ теміржол саласында 4,2 миллиард долларлық келісім жасады

23.09.2025, 14:29

Мемлекет басшысының Нью-Йоркке сапары аясында америкалық Wabtec компаниясымен жалпы құны 4,2 миллиард долларға жуық келісімге қол қойылды. Құжатқа сәйкес, Қазақстанда 300 жаңа локомотив құрастырылып, сервистік қызмет көрсетіледі, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Wabtec – көлік технологиясы саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі. Компания 2009 жылдан бері Астанадағы Wabtec Kazakhstan зауытында жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде 230 миллион доллардан астам қаржы құйып, «Қазақстан темір жолы» мен шетел нарығына 600-ден астам локомотив шығарды. Қазіргі таңда өндірістің локализация деңгейі 45 пайызға жеткен.

Былтыр шілдеде Wabtec елімізде технологиялық және инженерлік орталық ашты. Ол инновацияларды енгізумен қатар, қазақстандық мамандарды даярлауға бағытталған. Жаңа келісім аясында компанияның Қазақстандағы серіктестігі одан әрі кеңеймек.