Сауда және интеграция министрлігі республика бойынша сиыр еті нарығына байланысты жедел желі ашылғанын мәлімдеді. Бұл желі азаматтар мен кәсіпкерлер үшін қолжетімді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Министрліктің түсіндіруінше, жедел желіге ет бағасының деңгейі, сауда нүктелеріндегі үстемеақы және өнімді жеткізуге қатысты шағымдар қабылданады. Осы арқылы халықпен және бизнес өкілдерімен кері байланыс күшейтіліп, нарықтағы ашықтық артады.
Ведомство жедел желінің басты мақсаты – елдің әр өңірінен келіп түсетін сигналдарға дер кезінде әрекет ету екенін атап өтті. Жүйе арқылы түскен ақпарат нарықтағы әділ баға мен жеткізу тізбегіндегі тәртіпті бақылауға пайдаланылмақ.
Желі бойынша байланыс нөмірлерін сілтемеден табасыз: Сауда және интеграция министрлігі