homepage
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан муайтайдан өткен әлем чемпионатында жалпы есепте үздік үштікке кірді

23.09.2025, 10:21

10-20 қыркүйек аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында жастар, юниорлар және жасөспірімдер арасында муайтайдан әлем чемпионаты өтті деп хабарлайды Juzmedia.kz Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Бәсекені Халықаралық муайтай федерациялары қауымдастығы (IFMA) ұйымдастырды. Чемпионатқа әлемнің 70 елінен келген 1200-ден астам үздік спортшы қатысты.

Қазақстан атынан ел ішіндегі іріктеу жарыстары – Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасынан таңдалған 62 спортшы сынға түсті. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы 7 алтын, 7 күміс және 20 қола медаль жеңіп алып, үздік үштікке кірді.

Чемпионат нәтижесі:
1. Ресей
2. БАӘ
3. Қазақстан

Алматы облысының спортшысы Пірім Досхан 12-13 жас санатында «Үздік спортшы» атағына ие болды. Сондай-ақ Қазақстан Ұлттық құрамасына IFMA тарапынан арнайы марапат табысталды.

Теги: