homepage
Фото: ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Биылғы жарты жылдықта жол апаттарынан 5,5 мыңнан астам бала зардап шекті

22.09.2025, 15:20

Бас прокуратураның дерегінше, алты айдың ішінде жол-көлік оқиғаларынан 5,5 мыңнан астам бала жарақат алып, 135 бала көз жұмды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қадағалаушы органның мәліметінше, көптеген жағдайда қайғылы жағдай ата-аналардың салғырттығынан болады. Балалар қараусыз қалып, жолда қауіпсіздік талаптары ескерілмейді. Сонымен қатар, биыл мас күйінде көлік жүргізген 11 мыңнан астам адам ұсталған. Олардың 158-і апат жасап, 282 адам зардап шеккен, 17 адам қаза тапқан.

Сондай-ақ, электрсамокатқа байланысты қауіп артып отыр. Жыл басынан бері осы құралдың қатысуымен 213 жол апаты тіркеліп, 224 адам жарақат алған. 42 жағдайда апатқа самокат жүргізушілерінің өздері кінәлі болып шыққан. Прокуратура ережелерді қатаң сақтау ғана мұндай қайғылы көрсеткіштерді азайта алатынын ескертеді.