Павлодар облысында полиция қызметкерлері әскери қызметшіден ақша бопсалады деген күдікпен облыс орталығының екі тұрғынын ұстады. Олар бірнеше ай бойы жәбірленушіге психологиялық қысым көрсетіп, ақшалай қаражатын иемденген деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер бұрын да түрлі қылмысқа қатысы бар адамдардың ортасында жүрген. Сот санкциясымен екеуі 2 айға қамауға алынды. Қазір тергеу жалғасып, олардың басқа қылмыстық істерге қатыстылығы тексерілуде.
Облыстық ПД басшысының бірінші орынбасары Болат Нұрсеитов тұрғындарды кез келген бопсалау немесе заңсыз әрекеттер туралы дереу хабарлауға шақырды. Оның айтуынша, барлық өтініш құпия түрде қаралады.