homepage
Фото: egemen.kz

22 қыркүйекте бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

22.09.2025, 09:23

Бүгін еліміздің бірқатар облыстарында ауа райының қолайсыз құбылыстары күтіледі. Синоптиктердің болжамынша, Астана мен Шымкентте, сондай-ақ Жамбыл, Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жетісу, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды және Ұлытау облыстарында найзағай ойнап, жел күшеймек деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Түркістан мен Қызылорда облыстарында шаңды дауыл тұрып, көлік қозғалысы қиындауы мүмкін. Ал Шығыс Қазақстан, Абай, Ақмола, Жетісу және Қостанай облыстарында тұман түсіп, көріну қашықтығы нашарлайды.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында түнде 1 градусқа дейін үсік жүру ықтималдығы бар.

Қазгидромет мамандары елдің көптеген облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталып отырғанын да ескертті.