homepage
REUTERS/Denis Balibouse/2025 жылғы жеңімпаз автриялық JJ

Австрия Израиль үшін «Евровидениеге» бойкот жарияламауға шақырды

21.09.2025, 11:30

Австрия сыртқы істер министрі Беате Майнл-Райзингер Израильдің қатысуына байланысты «Евровидение – 2026» ән байқауына бойкот жарияламауды сұрады. Байқау келесі жылы Венада өтеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

Испания, Нидерланды, Словения, Исландия және Ирландияның ұлттық телерадио ұйымдары Израиль қатысса, байқаудан бас тартатынын мәлімдеген.

Министр мұндай шешімдер Еуропалық радиотелехабар тарату одағына мүше елдердің бірлігін бұзып, өнер мен мәдениетті саясаттандыруға алып келетінін айтты.

Оның сөзінше, «Евровидение» халықтар арасындағы мәдени диалог алаңы болып қала беруі тиіс, ал Израильді шығармау немесе бойкот жариялау аймақтағы гуманитарлық жағдайды өзгертпейді.