Қазақстан 26 жылдан кейін грек-рим күресінен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Хорватия астанасы Загребте өткен жарыста 60 келіге дейінгі салмақта Айдос Сұлтанғали финалда өзбекстандық Әлішер Ганиевті тізе бүктірді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Сұлтанғали — тәуелсіздік жылдарында грек-рим күресінен әлем чемпионатының финалына шыққан оныншы қазақстандық палуан. Бұған дейін тек 1999 жылы Афиныда Мхитар Манукян топ жарған болатын.
Осы жылдар аралығында Алмат Кебіспаев, Мейрамбек Айнағұлов, Демеу Жадыраев, Қорлан Жақанша, Ержет Жарлықасын сияқты мықтылар шешуші белдесуге бір табан жақындап, бірақ бас жүлдеден тыс қалған еді.
29 жастағы қызылордалық спортшы бұл жеңіске дейін әлем чемпионатында екі рет қола жүлде иеленген. Биылғы додада ол АҚШ, Израиль, Солтүстік Корея, Грузия балуандарын бірінен соң бірін жеңіп, финалға жол ашты.
Айдостың жеңісі еліміздегі күреске жасалып жатқан қолдаудың нәтижесін көрсетіп, қазақ жанкүйерлері үшін тарихи қуанышқа айналды.