homepage
Фото: Jonathan Brady/Pool via REUTERS/

БҰҰ Махмуд Аббасқа жиынға бейнебайланыс арқылы қатысуға рұқсат берді

20.09.2025, 15:25

АҚШ оған Нью-Йоркке кіруге виза бермегеннен кейін, БҰҰ Бас Ассамблеясы Палестина президенті Махмуд Аббасқа алдағы аптада өтетін әлем көшбасшыларының жыл сайынғы жиынында бейнебайланыс арқылы сөз сөйлеуге рұқсат берді деп хабарлайды Juzmedia.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

Қарарды 145 мемлекет қолдап, бесі қарсы шықты, алтысы қалыс қалды. Құжат бойынша Аббас пен өзге де жоғары деңгейдегі палестиналық өкілдерге келесі бір жыл ішінде АҚШ-қа бара алмай қалған жағдайда БҰҰ жиындарына бейне арқылы қатысуға мүмкіндік берілді.

АҚШ өткен айда Аббас пен тағы 80-ге жуық палестиналыққа виза бермейтінін немесе қолданыстағыларын кері қайтарып алатынын мәлімдеген. Вашингтон мұны қауіпсіздік пен сыртқы саясатқа қатысты себептермен түсіндірді.