homepage
REUTERS/Gabriel V. Cardenas/Көрнекі сурет

Трамп трансгендерлердің паспорттағы жыныс таңдау құқығын жоюды талап етті

20.09.2025, 14:45

АҚШ президенті Дональд Трамп Жоғарғы соттан трансгендер және небинар азаматтарға паспорттағы жынысын ауыстыруға рұқсатты жоюды сұрап, өтініш білдірді, деп хабарлайды Juzmedia.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

 

Федералды сот бұған дейін бұл ережені уақытша тоқтатқан. Соның арқасында қазір трансгендер азаматтар паспортта жынысын өз қалауы бойынша көрсете алады.

Азаматтық бостандықтар одағы (ACLU) бастаманы кемсітушілік деп бағалап, ол конституциялық тең құқыққа қайшы екенін мәлімдеді. 

Ал Ақ үй бұл саясатты заңды әрі орынды деп есептейді.