Жетісу облысында «Учаске» іс-шарасы кезінде полиция, ҰҚК және прокуратура тіркелмеген діни ағымның жасөспірімдерге сабақ ұйымдастырғанын анықтады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Жатақхана ретінде пайдаланылған бөлмелерден шетелдік діни кітаптар табылды. Ұйымдастырушылардың қайырымдылық қоры атын жамылып жасырын жұмыс істегені белгілі болды. Биыл наурызда сот шешімімен осындай ұйымдар таратылған еді.
Тексеру нәтижесінде сабақ ұйымдастырғандарға және «ұстаздарға» әкімшілік хаттамалар толтырылды, ата-аналардың да жауапкершілігі қаралды. Ата-анасы өзге өңірде тұратын бір жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды.
Қазір тексеру жалғасып жатыр.