Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Англияның Ливерпуль қаласында өткен World Boxing аясындағы алғашқы әлем чемпионатында топ жарған Қазақстан құрамасының мүшелерімен кездесті. Жиында чемпиондар мен жаттықтырушыларға марапаттар мен қаржылай сыйақы табысталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісін иеленді. Федерация өкілдері мен құрама жаттықтырушыларына Құрмет грамоталары берілді.
Әйгерім Жекеева, Талғат Құқанов, Ерсұлтан Юлдашев және Әлібек Әбілов сынды медицина мамандары министрліктің Алғыс хатымен марапатталды.
Ал Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Төрехан Сабырхан, Айбек Оралбай, Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова, Виктория Графеева, Аида Әбікеева, Наталья Богданова және Елдана Тәліповаға Құрмет грамотасы мен қаржылай сыйақы берілді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұл чемпионатта 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.