2025 жылдың алғашқы сегіз айында Қазақстан спортшылары халықаралық жарыстарда 912 медаль иеленіп, тарихи көрсеткіш орнатты. Оның ішінде 351 алтын, 270 күміс және 291 қола бар, деп хабарлайды Juzmedia.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл нәтижеге мемлекет тарапынан спортқа көрсетілген қолдау, жаттықтырушылардың еңбегі, федерациялардың үйлесімді жұмысы мен шетелдік мамандардың тәжірибесін енгізу ықпал етті.
Жылдың басты жетістіктерінің қатарында қысқы Азия ойындарында шорт-трек пен фристайл-акробатикадан алғашқы алтындар, әлем чемпионаттарында семсерлесуден тұңғыш медаль мен көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы алғашқы алтын бар.
Сондай-ақ, дзюдодан әйелдер құрамасы алғаш рет финалға шығып, күміс медаль алды, ал боксшылар World Boxing ұйымы өткізген әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.
Жекелеген жетістіктермен қатар командалық спорт түрлерінде де нәтижелер тіркелді. «Қайрат» футбол клубы алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды, ал футзалдағы «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының күміс жүлдегері атанды.
Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында күміс медаль еншілеп, пара биатлоншылар Әлем кубогында Хрусталь глобусқа қол жеткізді.