homepage
Фото: ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Субсидия жымқырған қостанайлықтар сотталды

19.09.2025, 16:19

Қостанай облысында ауыл шаруашылығына бөлінген қаржыны жымқыру дерегі бойынша үш адам бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бейімбет Майлин ауданында мал азығы мен селекциялық жұмыстарға арналған қаржыны қолды еткендері дәлелденген. Кінәларын мойындағаннан кейін іс қысқартылған тәртіппен қаралды.

Сотталушылар сот залында қамауға алынды.

Сонымен қатар мемлекетке келген шығынды өтеу үшін олардан 96 миллион теңгеден астам қаражат өндірілді. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.