homepage
Фото: ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Алматыда 70-тен астам жасырын салон жабылды

19.09.2025, 15:48

Алматы қаласында полиция бірнеше тұрғын үй кешенінде рейд жүргізіп, 71 интимді қызмет көрсететін салонды анықтады деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, пәтерлерді заңсыз жалға берген қожайындар мен тіркеусіз немесе құжатсыз жүрген адамдар жауапқа тартылды.

Полиция мұндай профилактикалық тексерістер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын мәлімдеді.