homepage
Фото: ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Астанада 2025 жылы ұлттық және діни араздықты қоздырған 11 адам сотталған

19.09.2025, 14:39

2025 жылы Астанада ұлттық және діни араздықты қоздыру фактілері бойынша 11 адамға сот үкімі шықты деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Мысалы, елорда тұрғыны TikTok желісінде тікелей эфир өткізіп, әдепсіз сөздер қолданып, өзге ұлт өкілдеріне қатысты теріс пікір білдірген. Оның бұл әрекеті қылмыстық заңнамаға қайшы деп танылып, кінәсі сотта дәлелденді. Нәтижесінде сотталушыларға әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Астана қаласы прокуратурасы арандатушылыққа жол бермеуге шақырып, мұндай қылмыс үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертті.