Шығыс Қазақстан облысында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасаған 18 жастағы жігітті ұстады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Тергеу деректеріне сүйенсек, ол тікелей эфирлерді бақылап, қатысушылардың телефон нөмірі мен экранда көрсетілген SMS-кодтарын пайдаланып, мессенджер аккаунттарына кіріп отырған. Содан кейін жәбірленушілердің атынан таныстарына жалған хабарлама жіберіп, қарызға ақша сұраған. Түскен қаржыны өз шотына аударған.
Қазір күдіктіге қатысты тергеу жүріп жатыр. Полиция мұндай әдіс интернет-алаяқтықтың жаңа түріне айналып отырғанын айтып, азаматтарға эфир кезінде жеке деректерін жария етпеуге кеңес берді.