homepage
Фото: ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Түркістанда деструктивті ағым мүшелерінен қару табылды

19.09.2025, 10:47

Түркістан облысында деструктивті діни ағымның жақтастары ұсталып, олардың көлігінен екі қару тәркіленді деп хабарлайды Juzmedia.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген жедел шара барысында «Toyota Land Cruiser 200» автокөлігінен 9 мм калибрлі «ТТ» тапаншасы және 18*45 калибрлі «Байкал МР-461» қаруы табылған.

Сараптама олардың оқ атуға жарамды екенін растады. Қару-жарақтың басқа қылмыстарда қолданылған-қолданылмағаны анықталып жатыр.

Сонымен бірге негізгі күдіктінің үйінен ҚР ҚК-нің 432-бабы бойынша іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер қамауға алынды.