homepage
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Тоқаев спорт министріне футбол клубтарын жекешелендіруді тездетуді тапсырды

19.09.2025, 10:23

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдап, спорттағы басқару жүйесін күшейту және футбол клубтарын жекешелендіруді жеделдетуді тапсырды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Министр Президентке соңғы өзгерістер туралы баяндап, балалар спортын дамыту, жаттықтырушылар мен спортшыларға төленетін қаражатты бір жүйеге келтіру, сондай-ақ кәсіби клубтарға төлемге лимит қою шаралары атқарылып жатқанын жеткізді. Оның сөзінше, спорттағы вертикальді басқару жүйесі қарқынды енгізіліп жатыр.

Президентке Щучье-Бурабай курорттық аймағы мен Маңғыстауды дамытудың кешенді жоспары да ұсынылды.

Сондай-ақ Алматы тау кластерін өркендету жобасы дайындалып жатқаны мәлім болды. Туристер қауіпсіздігі, санитарлық жағдайдың стандарттары және көлік қолжетімділігін арттыруға бағытталған ведомствоаралық жол картасы да әзірленген.