homepage
Фото: Kursiv.kz

Енді қарызын төлемей жүргендерді жасанды интеллект табады

19.09.2025, 09:11

Қазақстанда борышкерлерді іздеу тетігі күшейтілді. «Цифрлық бақылау» жүйесі арқылы қарызын өтемей жүрген азаматтарды енді әуежай, вокзал, метро және халыққа қызмет көрсету орталықтарынан да анықтауға болады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Жүйе адамның бет-бейнесін деректер базасымен сәйкестендіріп, борышкерлерді мемлекеттік қызмет алу немесе билет рәсімдеу кезінде бірден табады. 2024 жылдың қаңтарынан бері 4560 борышкер іздеуде болса, соның 2118-інің тұрғылықты мекенжайы анықталған. Бұл жалпы көрсеткіштің 39,3 пайызына тең.

Сонымен қатар борышкерлердің атына тіркелген көліктер де жасанды интеллект көмегімен бақылауға алынуда. Камераға түсіп қалған көліктер полицияның қатысуымен тоқтатылып, айып тұрағына жеткізіледі. Билік бұл шара сот шешімдерінің орындалуын жеделдетуге және өндіріп алушылардың құқығын қорғауға бағытталғанын айтады.