Бүгін еліміз бойынша дауылды ескерту жарияланды. Қазгидромет мәліметінше, республиканың көп аймағында ерекше және жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Синоптиктердің болжамынша, оңтүстік, орталық және шығыс облыстарда желдің екпіні секундына 20 метрге дейін күшеюі мүмкін. Бұл аймақтарда жауын-шашын түсіп, кей жерлерде бұршақ пен дауылдың соғу ықтималдығы бар.
Солтүстік пен батыста тұман түсіп, жол қозғалысына кедергі келтіруі мүмкін. Ал Қостанай облысында ауа температурасы төмендеп, аяз күтіледі. Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға ауа райы болжамына құлақ асып, қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті.