homepage
Фото: inbusiness.kz

Тамызда Қазақстанда 159 мыңнан астам көлік тіркелді

17.09.2025, 17:19

Қазақстанда тамыз айында 159,5 мың автокөлік есепке қойылып, олардың 15,2 пайызы алғаш рет тіркелген деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ең көп тіркеу Алматы қаласында (20,7 мың), Алматы облысында (15,6 мың) және Астанада (14,5 мың) тіркелген. Тамызда есепке қойылған көліктердің 59,7 пайызының жасы 10 жылдан асқан.

Қозғалтқыш көлемі бойынша ең көп үлес 1 500–2 000 текше см аралығындағы көліктерге тиесілі (36,3%).

2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша елдегі автопарк 6,7 млн көлікті құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,6 пайызға көп.

Көліктердің ең көп бөлігі Алматыда (797,2 мың) және Алматы облысында (723,9 мың) шоғырланған. Барлық автокөліктің 91,9 пайызы жеке тұлғалардың меншігінде.